Оқу процесі

Оқу-әдістемелік басқармасының бастығы

Ахметова Нурсулу Кадыровна

Техника ғылымдарының кандидаты
E-mail: n.akhmetova@atu.kz

ОӘБ бастығының орынбасары

Балхыбекова Коркем Сатылхановна

E-mail: k.balkhybekova@atu.edu.kz

ОӘБ туралы

АТУ-дағы оқу процесі озық оқыту технологияларын қолдана отырып ұйымдастырылған және студенттерді оқытуға белсенді тартуды көздейді.

Жалпы ережелер

ОӘБ кредиттік технология қағидаларына сәйкес «АТУ» АҚ-да оқу процесін жоспарлауға, ұйымдастыруға және мониторингтеуге, оқу және оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіруге жауапты «АТУ» АҚ негізгі ҚБ болып табылады.

ОӘБ «АТУ» АҚ Академиялық саясатына және Сапаны ішкі қамтамасыз ету саясатына сәйкес білім беру процесін қамтамасыз ететін ЖББ БББ үйлестірушісі болып табылады.

ОӘБ «АТУ»АҚ Ғылыми кеңесінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.

ОӘБ АС жөніндегі проректорға бағынады және өз қызметінде "АТУ"АҚ-ның бірінші проректоры, ректоры және ҒК алдында есеп береді.

ОӘБ құрамына: Оқу бөлім, Әдістемелік бөлім, Үштілді білім беруді дамыту бөлімі, Мансап орталығы

ОӘБ конкурстық комиссияның ұсынымы негізінде «АТУ» АҚ ректорының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бастық басқарады.

ОӘБ құрылымы мен штат саны жұмыстың ерекшелігі мен көлемін ескере отырып, АС жөніндегі проректордың ұсынысы бойынша «АТУ» АҚ ректорының бұйрығымен бекітіледі.

ОӘБ қызметкерлері лауазымдарының құрамы «АТУ» АҚ ректорының бұйрығымен айқындалады және штат кестесінде көрсетіледі.

ОБ, ӘБ, ҮТББДБ және МО-ны «АТУ» АҚ ректорының бұйрығымен ОӘБ бастығының ұсынуы бойынша конкурстық комиссияның ұсынымы негізінде қызметке тағайындалатын және босатылатын бастықтар басқарады.

ОӘБ жұмысы жылдық жоспар негізінде ұйымдастырылады.

Қажет болған жағдайда оқу-әдістемелік басқарма қызметінің нақты бағыттары бойынша қосымша іс-шаралар жоспарлары әзірленеді.

«АТУ» АҚ ОӘБ қызметкерлері өз жұмысында басшылыққа мыналарды алады:

  • ҚР ЖББ саласындағы қолданыстағы заңнаманы.
  • ҚР ҒжЖБМ НҚА мен ҚР жоғары білім саласындағы нұсқаулықтарын.
  • «АТУ» АҚ Жарғысын.
  • «АТУ» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын.
  • «АТУ» АҚ академиялық саясатын.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын.
  • Білім беру қызметінің сапасын ішкі қамтамасыз ету саясатын және «АТУ» АҚ басқа да ішкі нормативтік құжаттарын
  • Ректордың, бірінші проректордың және академиялық мәселелер жөніндегі проректордың бұйрықтары мен өкімдерін
  • Оқу-әдістемелік басқармасы туралы ережені
  • "АТУ" АҚ-да іске асырылатын ЖББ БББ бойынша оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және мониторингілеу, сондай-ақ оқу процесіне қатысатын барлық ҚБ мен лауазымды тұлғалардың өзара іс-қимылын үйлестіру.
  • "АТУ" АҚ-ның білім беру процесін жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, бақылау және жетілдіру жөніндегі қызметін үйлестіру және ұйымдастыру, "АТУ"АҚ-ның сапасын қамтамасыз ету жөніндегі академиялық саясат пен ішкі саясатқа және стратегиясына сәйкес оқу-әдістемелік жұмыс.
  • Университеттің академиялық саясатын қалыптастыруға қатысу.
  • Өз құзыреті шеңберінде білім беру процесін жетілдіруге бағытталған ішкі нормативтік және нұсқаулық құжаттарды әзірлеу.
  • Оқу процесінің даму келешегі мен ағымдағы жоспарлауын жүзеге асыру.
  •  «АТУ» АҚ, факультет және кафедралардың оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау.
  • Кредиттік оқыту технологиясы негізінде білім беру процесін ұйымдастыру және басқару.
  • Оқу жүктемесін есептеу, кафедралар мен университет бойынша ПОҚ штаттық кестесінің жобасын әзірлеу.
  • Озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату, университет деңгейінде заманауи білім беру технологияларын енгізу.
  • Бакалавриат БББ әзірлеу, Тізілімге енгізу және жаңарту бойынша бітіртіп шығарушы кафедралардың қызметін үйлестіру.
  • Жоғары білім беруге дайындық бағыттары бойынша «АТУ» АҚ білім беру қызметінің білім беру қызметіне қойылатын Біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін қамтамасыз етуді үйлестіру.
  • Қос дипломды білім беру бағдарламаларын жоспарлау және іске асыру бойынша кафедралардың қызметін үйлестіру.
  • Бакалавриат БББ бойынша үш тілді білім беруді іске асыру жөніндегі ҚБ қызметін үйлестіру.
  • Бакалавриат білім алушыларының кәсіптік практикасы, түлектерді жұмысқа орналастыру және дипломнан кейінгі сүйемелдеу бойынша бітіртіп шығарушы кафедралардың жұмысын ұйымдастыруды үйлестіру және бақылау.
  • Оқу процесі барысының бекітілген сабақ кестесіне сәйкестігін бақылау.
  • «АТУ» АҚ ПОҚ жеке жоспарларының жасалуын және орындалуын талдау және бақылау.
  • Оқу процесін нормативтік-ақпараттық және ұйымдастырушылық-консультациялық сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
  • Функционалдық міндеттер шеңберінде «АТУ» АҚ қызметін кешенді бағалау рәсіміне жоғары білімнің БББ лицензиялауға және аккредитациялауға құжатталған ақпаратты дайындау.
  • «АТУ» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіру.
  • ОӘБ қызметінің бағыттары бойынша оқыту семинарларын өткізуді ұйымдастыру.
  • Білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоғары білімнің БББ бойынша білім беру процесін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау.
  • БББ түпнұсқаларын есепке алу және өзектендіру.
  • Білім беру процесін ұйымдастыруды реттейтін нормативтік және өкімдік құжатталған ақпаратты келісу.
  • ЖЖООКББҰ білім беру процесін жоспарлау тәжірибесін зерделеу және «АТУ»АҚ-да оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіру.
  • ҚР ЖББМЖМС сәйкес БББ оқу жоспарларын әзірлеуге, түзетуге және сараптауға қатысу және оларды бекітуге ұсыну.
  • ОӘЖ бойынша жұмысты ұйымдастыру, аккредитациялау көрсеткіштерінің орындалуын талдау және бақылау.
  • Білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етуді регламенттейтін нормативтік және өкімдік құжатталған ақпаратты әзірлеуге қатысу.
  • ҚР ЖЖООКББҰ ОӘЖ және шетелдік жоғары оқу орындарын ұйымдастырудың озық тәжірибесін зерделеу.
  •  «АТУ» АҚ факультеттерінің, кафедраларының, ПОҚ ОӘЖ ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша оң тәжірибені жинақтау және жалпылау.
  • Білім беру процесіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу жобаларын әзірлеу және сол жобаларды басқару.
  • ҚР ҒжЖБМ ОӘБ-РОӘК-нің, «АТУ» АҚ ғылыми-әдістемелік кеңесінің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру.
  • Оқу-әдістемелік сипаттағы іс-шараларды: ғылыми-әдістемелік конференцияларды, семинарларды, конкурстарды, көрмелерді, ішкі конкурстарды ұйымдастыру және өткізуді бақылау.
  • «АТУ» АҚ ресми сайтында БББ бойынша электрондық оқу-әдістемелік құжатталған ақпарат базасын қалыптастыру.
  • Кәсіптік практиканы ұйымдастыруға және өткізуге тартылатын барлық ҚБ қызметін үйлестіру.
  • Түлектер мен әлеуетті жұмыс берушілер бойынша деректер базасын құру және ондағы деректерді жүйелеу.
  • «АТУ» АҚ білім алушылары мен түлектерін жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру бойынша серіктестер желісін қалыптастыру.
  • ОӘБ үйлестіретін процестер бойынша «СМЖ қызметі» және «Менеджментті талдау» бөлімі бойынша жылдық есепті дайындау.
  • Ғылыми кеңеске, ректоратқа және ҒӘК-ке материалдар дайындауға қатысу.
  • Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурстық өтінімдерді қалыптастыру.
  • «Атамекен» ҰКП және басқа агенттіктер рейтингісіне қатысу үшін материалдар дайындауға қатысу.
  • «АТУ» АҚ институционалдық аккредитациялау және бакалавриат БББ мамандандырылған аккредитациялау үшін материалдар дайындауға қатысу.

 

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз